Қызылжар ауданының Бескөл ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Аумағы 800 шаршы метрді құрайтын спорт кешенін салуға республика және облыс бюджеттерінен 252 миллион теңге бөлінген. Кешеннің баскетбол мен волейболға, күрес, бокс, ауыр атлетикаға арналған екі үлкен залы бар. Мұнда жастар да, ересектер де тегін жаттыға алады. Алдағы уақытта кейбір секцияларға абонементтік төлем қарастырылмақ.
160 көрермен мен 300 спортшыға шақталған кешеннің ашылуын бәрінен бұрын спортқа жақын жастар асыға күтті. Сондықтан да болар, олар өз қуаныштарын жасырмады.
– Біз жуырда Қарағанды қаласында волейболдан студенттер арасында өткен универсиададан 1-ші орынды иеленіп қайттық. Ауданға келсек, мынадай зал ашылыпты. Енді осында жаттығатын боламыз, – дейді Ардақ Қасенова.
Ақбөпе ТӘҢІРБЕРГЕН,
журналист.