
2019 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында облысымыз өндірілген тамақ өнімдерінің үлесі бойынша өңірлер арасында бесінші орынға жайғасты.
Облысымыздың өңдеу өнеркәсібінің басым саласы тамақ өнімдерін өндіру болып табылады. Биылғы жылдың басынан бері жергілікті өнеркәсіптік кәсіпорындар (шағын кәсіпорындарды, қосалқы өндірісті, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 106,6 млрд. теңгенің тамақ өнімдерін өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,1 пайызға көп. Есепті кезеңде тазартылмаған өсімдік майларының өндірісі – 37,7 пайызға, ұн тарту өнеркәсібі өнімдері – 14,2, сүт өнімдері – 10,5, нан және ұн өнімдерін өндіру 4,9 пайызға ұлғайды.
Ирина УСОВА,
облыстық статистика департаментінің басқарма басшысы.
Сурет https://foodindustry.kz/ сайтынан алынды.