«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕСІНШІ ҚАБАТТАН СЕКІРІП, КӨЗ ЖҰМДЫ

Облыс орталығында 40 жастағы ер адам бесінші қабаттың терезесінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, ол 10 қазан күні тексерістен өту үшін облыстық фтизиопульмонология орталығына жеткізілген. Оның алдында екі аптадан астам уақыт спирттік ішімдік ішкені белгілі болды. Туберкулез диспансерінде төрт күн болғаннан кейін науқастың ойына сан түрлі ойлар келе бастаған. Ол дәрі-дәрмекті тек дәрігерлердің айтуы бойынша ғана қолданған. Алдын ала болжам бойынша, суицидке ұзақмерзімді алкоголизм себеп болған. Өкінішке қарай науқастың туған-туыстары мен тұрғылықты мекенжайы, жұмысы жоқ. 

Жыл басынан бері облыста жетпістен астам адам өз-өзіне қол жұмсады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 1,6 есе көп.
 

https://pkzsk.info,
Сурет https://pkzsk.info сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp