Петропавл қаласында 24 жастағы жігіт бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен құлады. Бұл көрініс түсірілген бейнежазба бірден әлеуметтік желіде тарап кетті.
Оқыс оқиғаның облыс орталығындағы Жуков көшесі, 5А мекенжайында орын алғаны расталды. Бел омыртқасы ауыр жарақаттанған азамат “Жедел жәрдем” көлігімен үшінші қалалық аурухананың реанимация бөліміне жеткізіліп, кейін облыстық ауруханаға ауыстырылған.
Сурет https://pkzsk.info/ сайтынан алынды.