
Карантин кезінде кәмелетке толмаған балалардың ата-анасынсыз көшеде жүруіне тыйым салынғанымен, Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев пен Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысында кешкі сағат жеті шамасында полиция жасағы 16 жасар бойжеткенді тоқтатты. Қыз бала өзінің үйінен туыстарына бара жатқан. Мектеп оқушысы қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, анасы шақыртылды. Оған қатысты “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жөнелтілді.
Петропавлда бір күннің ішінде кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне байланысты 5 заң бұзушылық тіркелді. Полицейлер ата-аналардың карантин талаптарына жауапкершілікпен қарап, төтенше жағдай кезінде балалардың көше кезуін доғаруды сұрайды.