Қазіргі таңда «Qyzyljar» арнайы экономкалық аймағында жалпы құны 55,6 млрд. теңге болатын 5 ірі кәсіпорын құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобалар өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестициялық тартымдылықты жақсартуға жол ашады.
Облыс әкімінің тапсырмасына сай құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан аймақта облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары мониторинг жүргізеді. Басқарма басшысы Дархан Әмрин аймақтағы инвестициялық алаңдарды аралап, №3 субзонада болды.
Мониторинг аясында саңырауқұлақ фермасы мен компост зауытының құрылысы таныстырылды. Аталған нысандар келесі жылы ашылады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, қағаз бен картон өндіру жобасы да жүзеге асырылуда.
Диас АЯҒАН,
«Soltüstık Qazaqstan».