
Бүгінде “Қазақстан-Петропавл” телеарнасы тәулігіне 17 сағат хабар таратады. Әлеуметтік мәселелерді қозғайтын “Сұхбат”, “Из первых уст”, ақпараттық-сазды “Таңғы шай” бағдарламасы тікелей эфирде беріліп, көпшіліктің көңілінен шығуда. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай “Тәуелсіздік күнделігі” тақырыбында облысымызда, елімізде болған елеулі оқиғалар жайында күнделікті жаңа бағдарлама көрсетілуде.
Телеарнаның тәжірибелі журналистері бас редактор Федор Денисенко, шеф-редакторлар Елена Горбань мен Баян Қалиева, қаламы қарымды тілші Ләззат Салықова қатарға кейін қосылған жастарды телеарнада жұмыс істеудің қыр-сырына баулуда. Әсел Оразбаева, Гүлнәр Сайлауқызы, Анна Куликова, Анастасия Дроняк сынды жастардың құлшынысы қуантады. Биыл “Қазақстан” ұлттық арнасы тілшілер арасында байқау өткізіп, облыстық кезеңде Самат Сапаралы мен Фариза Жазитова жеңіске жетті.
СУРЕТТЕРДЕ: (солдан оңға қарай) редактор Әсел Оразбаева, аға режиссер Гүлнәр Мұратова мен телеоператор Қуаныш Қазбеков кезекті сюжетті даярлау барысын талқылау үстінде; (солдан оңға қарай) дыбыс режиссері Жанар Қайранова, режиссер Елена Богданова мен инженер Александр Суздальцев жұмыс үстінде.
Суреттерді түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.