«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИДАЙЫМЫЗ БЕН БАЛЫҒЫМЫЗ ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ

Өткен жұма күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қытай Халық Республикасының Боратало-Моңғол автономиялық облысы әкімшілігі басшысының орынбасары Чен Хонгпен кездесті.

Кездесу барысында өңір басшысы болашақ серіктестерге облысымыз жайлы баяндады. Негізінен егіншілікпен және мал шаруашылығымен мықтап айналысатын өңіріміз шетелдік инвесторлармен бірлесе жұмыс істеуге әзір екендігін жеткізді. Өз кезегінде Чен Хонг:

– Біз “Жібек жолын” дамытуға мүдделіміз. Біздің білуімізше, Солтүстік Қазақстан облысы – экологиялық таза аймақ. Сол себепті осы жерде өсетін бидай мен балыққа қызығушылық танытып отырмыз, – деді.

Осы орайда облыс әкімі Ерік Сұлтанов қытайлық делегацияға инвестор болып, балық өндіру зауытын салуды ұсынды. Бүгінде өңірімізде балық өсіруге қолайлы 3 мыңнан астам көл бар. Аталмыш ұсынысты жан-жақты қарастыратын болған Аспан асты елінің өкілдерімен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp