«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЕ СҮТІН ӨНДІРЕТІН БІРЕГЕЙ ФЕРМА

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов сұлу табиғатымен сұқтандыратын Айыртау ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар нысандарды аралады, тұрғындармен кездесті.

 Алдымен Бірлестік ауылын­да салынған мәдени-сауықтыру орталығының құрылысымен танысты. Нысанның жобалық құны – 156,6 млн. теңге. Бас мердігер – «Техноком» ЖШС директоры Хамзат Авхадовтың айтуынша, жалпы аумағы 300 шаршы метр алаңды алып жат­қан ғимарат жаңғыртылып, екі тренажер, теннис үстелі, фит­нес жаттығу құралдары орна­тылған. 380 адам тұратын елді мекенде 30 жылдан бері «ха­лықтық» атаққа ие домбыра ан­самблі жұмыс істейді.

«ЛивКос-Север» ЖШС ди­ректоры Андрей Семахин 637 млн. теңгеге су құбыры тартыл­ғанын, таратқыш жабдықтар орнатылып жатқанын баянда­ды. Сондай-ақ әр үйді суға қосу мүмкіндігі қарастырыл­мақ. Бірлестіктердің ендігі қа­лауы – спорт залы.

Облыс әкімі Мемлекет бас­шысының тапсырмасы аясын­да атқарылып жатқан шаралар­ға қажетті қаражат бөлінгенін айта келіп, сапа жағын ерекше бақылауға алуды, әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

«Lavrovskoe GCK» шаруа­шылығына тиесілі егіс танапта­рында ел ризығы жайқала өсіп тұр. Серіктестік басшысы, ау­дандық мәслихаттың депутаты Самат Қосжанов атқарылып жатқан науқандық жұмыстар­мен таныстырды. Астықты ал­қап көлемі 7493 гектарға жет­кен.

Өңір басшысының агроқұ­рылым жетекшілерімен өткіз­ген жиынында ауыл шаруашы­лығы саласын дамыту мәселе­лері талқыланып, өзекті проб­лемаларға назар аударылды.

Ғауез Нұрмұхамбетов то­ғыз жолдың торабында орна­ласқан Антоновка ауылында сүт өндірумен айналысатын «Борисфен» ЖШС-ның жұ­мысшыларына арнап салып жатқан үйлерінің сапасын ба­қылады. Жайлы, іші кең үш баспананы тұрғызуға 60 млн. теңге бағытталған. Бұдан бөлек, тағы 7 үй тұрғызылмақ. «Ясми­на Агро» ЖШС директоры Ма­гомед Мусханов иесіз қалған ғимаратты толық қалпына келтіріп, наубайханаға айнал­дырған. Күніне орта есеппен жарты мыңдай бөлке нан пісіріліп, тұтынушыларға қол­ма қол жөнелтіледі.

Аудан орталығының дәл ір­гесінде қоныс тепкен асфальт- бетон зауытының жергілікті инфрақұрылымды дамытудағы үлесі өлшеусіз. Қиыршық тас өндірудегі жылдық қуаттылығы 25 мың текше метр, жылына 100 мың тоннаға дейін өңдей алады. Мұнда еңбек ететін 44 жұмысшының орташа жалақы­сы 329 мың теңгеге жуық.

Ғауез Нұрмұхамбетов ас­фальт жолды жарамсыз етіп тастайтын тіркемелі ауыр жүк көліктеріне бақылауды күшей­ту міндетін қойды.

«Талап барлығына бірдей болуы тиіс. Олқылық анықтал­ған жағдайда бірден қатаң шара қолға алынсын. Жауаптыларға осындай тапсырма беремін», – деді өңір басшысы.

Ғауез Торсанұлы жұмыс са­пары аясында жолай агротех­никалық колледжге аялдады. Оқу ошағының директоры, об­лыстық мәслихаттың депутаты Берік Жанахметов студенттер «Ауыл шаруашылығын меха­никаландыру», «Тамақтанды­руды ұйымдастыру», «Туризм», «Дәнекерлеу ісі», «Аңшылық және аң аулау», «Тігін өндірісі және модельдеу» мамандықта­ры бойынша білім алып жатқа­нын баяндады. Ғауез Нұрмұ­хамбетов аудан орталығындағы шағынауданда орналасқан блоктік-модульдік қазандық­тың қысқа дайындығын тек­серіп, аудан әкімі Мейрам Меңдібаевтың есебі тыңдалды. Төрт қазандық 40 көпқабатты үйді, 20 жекеменшік баспана­ны, бірқатар әлеуметтік нысан­ды жылумен қамтамасыз етеді. Ғауез Торсанұлы Имантау- Шалқар курорттық аймағын жаңғырту бағдарламасымен та­нысты. «Шалқар су» санато­рийі қалпына келтірілген. «Со­кол» балалар лагері 340 орынға шақталған, оның аумағында 4 демалыс корпусы, асхана, ме­дициналық пункт, клуб, кітап­хана, футбол алаңы орналас­қан. Ал Кутузовка ауылында құрғақ бие сүтін өндіретін біре­гей ферма салынып жатыр.

Облыс әкімі жұмыс сапары соңында аудан тұрғындарымен кездесіп, жиында бірқатар өзекті проблемалар қозғалды. Мәселен, Кутузовка ауылының тұрғыны Қазиқан Кенжебаев жолдың нашарлығын, екі ша­қырым жолдың үш жылдан бері қозғаусыз жатқанын, Камен­ный Брод елді мекенінің тұрғы­ны Анатолий Иост 1976 жылы салынған мектепке күрделі жөндеу қажеттігін, имантаулық Раиса Аширова жастар үшін мәдени демалыс орталықтары­ның жеткіліксіздігін айтты. Ау­дан орталығындағы өзекті мәсе­ле – судың тұрақты түрде беріл­меуі. Өңір басшысы «Осы мәсе­ле бойынша Саумалкөлге орынбасарымды, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысын жібердім. Олар үш күн бойы осында болып, жағдай тұрақталды. Бұған дейін қызмет көрсетіп келген «Саумалкөл жылу» серіктестігі шығынға батқан. Бүгін тағы су жоқ деп отыр», – дей келіп, тиісті меке­ме басшыларына жағдайды шұ­ғыл түрде түзетуді міндеттеді.

Ирина БУРКОВСКАЯ.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp