«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бизнес ауылға бағыт алды

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, облыстық кәсіпкерлер палатасы, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры”, “Казпочта” АҚ облыстық филиалдары арасында “Бизнес әр ауылға” шағын қалалар мен елді мекендердегі кәсіпкерлердің құзыретін арттыру” жобасы аясында ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.

Меморандум кәсіпкерліктің дамуына жол ашуды көздейді. Әсіресе, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар туралы онлайн режімінде кеңес алуларына жағдай жасау қарастырылған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов журналистерге берген сұхбатында атап көрсетті. Облыс халқының дені ауылда тұратынын ескерсек, бұл жоба кәсіп ашуға ынталы адамдарға зор мүмкіндік. “Бизнес – әр ауылға” пилоттық жоба болып саналады. Мұндай жоба республика бойынша тек біздің облыста ғана қолға алынғанын айту жөн. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарында, “Казпочта” АҚ-ның аудандық бөлімшелері арқылы азаматтарға бизнестегі мемлекеттік қолдаулар туралы онлайн режімінде кеңес беріледі. Бүгінде “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның облыстық филиалымен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, пошта бөлімшелері интернет байланыс орнатқан.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов аудандық филиалдарда мамандар ақпараттық кеңес берумен қатар, сервистік қызмет көрсетуге дайын екенін жеткізді. Жоба аясында бизнес-жоспарларды әзірлеу, бизнес-жобаларды сүйемелдеу, мемлекеттік қолдау тетіктері, бухгалтерлік және салықтық есеп туралы онлайн кеңес беру қызметтері ұсынылады.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp