«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЗНЕС ЛОКДАУННАН ШЫҒА БАСТАДЫ

17 тамыздан бастап бизнес өкілдері локдауннан шыға бастады. Осыған байланысты жұмысын бастауға рұсат берілген бизнес нысандары www.InfoKazakhstan.kz сайтында талап етілген санитарлық нормалармен танысып, міндетті тіркеуден өтулері қажет.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің жұмысын қайта бастау тәртібі белгіленген болатын. Ендігі кезекте іскер азаматтар www.InfoKazakhstan.kz сайты арқылы санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алу қажет. Бұл құжат кейін қағазға шығарылып, нысанның кіреберісіне немесе бірден көзге түсетін басқа жерге ілінуі керек. Бұл міндетті шартты орындамай жұмысын жүргізген бизнес субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қомақты айыппұл төлейтін болады.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұловтың айтуынша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы іске қосқан платформа арқылы жергілікті кәсіпкерлерден өтініштер көптеп түсуде. Бүгінге дейін сайтта Қызылжар өңірінен 4929 мың кәсіпкерлік нысан тіркелсе, оның 3541-і жұмысын бастауға рұқсат алды.
– Бұл платформа іскер азаматтарды түрлі кабинеттерді аралап, құжат жинаудан босатады. Сайтқа кірген кезде кәсіпорын атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі («БСН») сияқты деректердің бір бөлігі автоматты түрде жүктеледі. Қалған формаларды толтыру небары 10-15 минут уақыт алады. Бүгінгі күнге платформаның көмегіне жүгінген солтүстікқазақстандық кәсіпкерлік нысандардың үш мыңнан астамы жұмысын жүргізуге рұқсатын алды. Қалғандары мониторингілік топтың тексерісінен өтулері қажет. Ал хабарландыру тәртібімен іске кірісетін кәсіпкерлік субъектілеріне мониторингтік топтың келуін күтудің қажеті жоқ, – дейді Арман Сарыбайұлы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp