«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЛЬЯРД БӘСЕКЕСІ

Облыс орталығында бильярдтан халықаралық турнир өтті. Жеке кәсіпкер, республикалық додалардың жүлдегері Айтан Сағиевтің 60 жасқа толған мерейтойына арналған жарысқа еліміздің бірнеше өңірінен, Бішкек және Омбы шаһарларынан отызға тарта спортшы қатысты.

Петропавл қаласында осындай жоғары деңгейдегі дода алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл жарыста әлем, халықаралық біріншіліктердің жүлдегерлері де өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысында Алматы қаласының намысын қорғаған жас спортшы Михаил Ли турнирдің жеңімпазы атанды. Әлем чемпионатының жүлдегері, тағы бір алматылық Эмиль Мударисов екінші, ал Қарағанды қаласының өкілі Әлібек Омаров үшінші орынға ие болды.
Турнир жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Айтан Сағиев болашақта мұндай жарыстарды жыл сайын өткізуді және қатысушылардың санын көбейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

 

Дулат ҚОЖАХМЕТОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp