Петропавлдық “Александра” спорттық би шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Астанада өткен балдық билерді орындаушылардың ашық турнирінде үздіктер қатарынан көріне білді.
Атап айтқанда, Дани Жаукин мен Анна Конопкинаның жұбы Латын Америкасы бағдарламасында топ жарса, Еуропа бағдарламасында үшінші болды. Антон Лактюшин мен Анна Никитенко аталмыш бағдарламаларда тиісінше күміс және қола медальдарға ие болды. Ал Максим Тугаев пен София Бикбаеваның би жұбы бұл бағдарламаларда екі қола медальды жеңіп алды. Латын Америкасы бағдарламасында – қола, ал Еуропа бағдарламасында күміске ие болған Мұса Сұлтанов пен Мария Хасанетдинова да жаттықтырушыларының үмітін ақтады.