«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИШІЛЕРІМІЗ – ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ

Петропавлдық “Александра” спорттық би шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Астанада өткен “Silk Way” балдық билерді орындаушыларының дүниежүзілік фестивалінде үздіктер қатарынан көрініп, әлем кубогын жеңіп алды.

“Турнирде петропавлдық Дани Жаукин мен Анна Конопкина – Латын Америкасы бағдарламасы бойынша, ал Андрей Байкенов пен Ярослава Кузнецова еуропалық билер бағдарламасы бойынша кубокты иеленді. Жастар арасында бірінші бағдарламада Мұса Сұлтанов пен Анастасия Перепечина қола медальге ие болса, Кирилл Новиков пен Мария Хасанетдинова еуропалық билер бағдарламасында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар олар ересектер мен жастар арасында өткен әлем кубогында екінші орынға ие болды”, – деді облыстық Дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Дарья Тушина.

“Александра” би мектебінің директоры әрі бапкері Александра Еремеева спортшылардың өнеріне Ресей, Грекия, Корея, Гонконг, Украина, Беларусь, Қытай және қазақстандық қазылар алқасы жоғары баға бергенін атап айтты.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp