«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИШІЛЕР БАҒЫНДЫРҒАН БИІК

“Қуанамын” халық би студиясы Нұр-Сұлтан қаласында өткен “Германия-Қазақстан” ХІ халықаралық шығармашылық байқау-фестивалінен жүлдемен оралды.

Айтулы өнер додасына Қазақ­стан, Ресей, Германия және ТМД-ға мүше өзге де елдердің үздік би ұжымдары қатысты. Өз өнерлерін ортаға салған біздің бишілер қазы­лар алқасының көңілінен шығып, үздік нәтижеге ие болды. Байқау қорытындысы бойынша бірнеше Гран-при мен жүлделі орын иеленді.

Отыз жылдан астам тарихы бар би ұжымының бұған дейін жеткен жетістігі бір төбе. Жоғары деңгейлі байқауларда биік белестерді бағындырып, облыстың ғана емес, республикамыздың намысын абыроймен қорғап жүрген “Қуанамын” халық би студиясында 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде. Шығармашылық ұжымның көркемдік жетекшісі Алина Ушакова бұл үздіксіз дайындық пен тынымсыз еңбектің нәтижесінде қол жеткізген жетістік екенін айтты.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp