«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИШІЛЕР ЕЛ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ

Петропавлда спорт билерінен Қазақстанның XIV ашық кубогы өтті. Спорттық шараға Астана, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды және Ресейдің Омбы қаласынан 3 пен 18 жас аралығындағы 300-ден астам биші қатысты.

Доданың ақтық сынында латынамерикалық және еуропалық бағдарламаларды орындаған жасөспірімдер мен жастар өнер көрсетті.  

Сайыс қорытындысы бойынша “Ювенал” тобында астаналық бишілер Асқарбек Сүлейменов пен Диана Әубәкірова, өңір намысын қорғаған Вадим Маркин мен Ева Бондаренко үздіктер атанды. Жасөспірімдер арасында қызылжарлық Сердар Қартал мен Айлин Аялып, сондай-ақ, Дани Жаукин мен Анна Конопкина алтыннан алқа тақты. “Жастар” аталымында Қарағанды атынан өнер көрсеткен Александр Нейзер мен Вера Юркина үздіктер қатарынан көрінді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp