«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЫЛҒЫ АЙҚЫН МІНДЕТІМІЗ — 14 мыңнан астам адамды еңбекке тарту

2014 жылы Елбасының Қазақстан халқына арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында барлық сала толығымен қамтылып, атқаратын тиісті жұмыстардың жолдары көрсетілген. Тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік қорғау ұйымдарының жұмысын жоспарға сай жүргізу аса маңызды мәселелердің біріне айналып отыр.

Облыста жұмыссыздықтың деңгейін төмендету үшін осы бағыттағы істер белсенді түрде жүргізілуде. Өткен жылы аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 27828 адам жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде 21488-і – ауыл тұрғындары. 12801 жаңа жұмыс орны құрылды. Олардың ішінен 9236-сы – ауылды жерде. Кәсіби қайта даярлауға 624 жұмыссыз жіберілді. Облысымыздың жұмыс берушілерімен бірге 87 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараның нәтижесінде 1394 адам жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.  

“Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында да бірқатар жұмыс іске асып, 9 мыңнан астам адамның жұмысқа қолы жетті. Олардың ішінде 7 мыңнан астам адам – мақсатты топқа енген азаматтар. Яғни, жастар, әйелдер, зейнет жасына жақындағандар, жазасын өтеп шыққандар және басқалары. Тұрғындарды еңбекпен қамтуға арналған жұмыстың нәтижесінде 2014 жылдың басынан бері жалпы жұмыссыздықтың деңгейін 5,1 пайыздан 4,9 пайызға дейін (2014 жылдың 3 тоқсанында) төмендеуі қамтамасыз етілді. Жастар арасындағы жұмыссыздық 7,6 пайыздан 3,9 пайызға дейін төмендеді. Экономикалық белсенді тұрғындардың үлесі тіркелген жұмыссыздардың 0,3 пайызын құрады.

Биыл облыс әкімі Ерік Сұлтанов тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етуге көмектесу, жұмыс орындарын сақтау және әлжуаз топтарды әлеуметтік қолдаудың кешенді жоспарын бекітті. Соған сәйкес 2015 жылы жұмыспен қамту ұйымдары арқылы 14 мыңнан астам адамды еңбекке тарту қарастырылған. Бұл мақсатқа Петропавл қаласы және аудандық бюджеттен 361 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, 3932 адам қоғамдық жұмыстарға тартылады (284,4 миллион теңге). Тұрғындардың мақсатты тобындағы 423 азамат үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылады (36,9 миллион теңге). Және кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілікті көтеруге 556 жұмыссыз жіберіледі (39,7миллион теңге).

Экономикалық жағдайды ескере отыра, биылғы жылы қызметкерлердің еңбек құқығымен кепілдігін қамтамасыз ету мақсатындағы істер жаңа жолмен ұйымдастырылып, онда жұмыс орнын сақтауға ерекше назар аударылды. Осыған орай жыл басынан бері облысымызда шамамен алғанда 47,0 адамға жұмыс беріп отырған 1034 кәсіпорын басшыларымен меморандумға қол қойылды. Оның ішінде 19381 жұмысшысы бар 67 ірі кәсіпорын бар. Сонымен қатар 27606 адамды жұмыспен қамтамасыз еткен 967 шағын және орта кәсіпорын жұмылдырылған.

Облыстық әкімдік, облыстық кәсіподақ орталығы, жұмыс берушілер бірлестігі арасында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге қатысты үшжақты келісімге қол қойылды.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғауды нығайту үшін әлжуаз топтағыларды дер кезінде және толықтай қамтып, оларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін шаралар қолданылуда.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке қарағанда аз қамтылған азаматтар саны жалпы облыс бойынша 11,4 мың адамды құрап отыр. Өткен жылы аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін бюджеттік қаражаттан 269,2 миллион теңге бөлінді. Олардың ішінде 5,6 мың адам мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алды. Қаражат 110,1 миллион теңгені құрады. 18 жасқа толмаған перзенттері бар отбасылардағы 7,8 мың балаға мемлекеттік жәрдемақы төленді. Жұмсалған қаражат көлемі – 111,2 миллион теңге. 2232 аз қамтылған отбасыға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Оған 47,9 миллион теңге қаражат жұмсалды. Биылғы жылы бюджеттен 266,9 миллион теңге қарастырылған.

Сонымен қатар 2014 жылы 14,5 мың адамға жалпы сомасы 278,6 миллион теңгені құраған әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде мереке және атаулы күндерге орай 12,5 мың адамға сомасы 194,7 миллион теңге бөлінді. Өмірде қиын жағдайға тап болған 1,9 мың адамға да көмек берілді. Қаражат көлемі – 83,9 миллион теңге. 2015 жылға Петропавл қалалық және аудандық бюджеттерден 374,2 миллион теңге қарастырылған.

Биыл Жеңістің 70 жылдығын атап өту аясында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және басқа санаттағы адамдарға бірреттік әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Атап айтқанда:

– ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (одан әрі – АЕК);

– ҰОС жылдарында тылдағы жанкешті еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға – 25 АЕК;

– жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғаларға – 5 АЕК мөлшерінде.

Сонымен қатар 2015 жылы Петропавл қаласында және облыс аудандарында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жалғасын табады.

Елбасының Жолдауына сәйкес облыста мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдап, әлеуметтік көмек көрсету үшін қажетті жағдай жасалуда.

2014 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында мүгедектерді оңалтуға 174,5 миллион теңгеге 1187 оңалту құрал-жабдығы сатып алынды. Медициналық, әлеуметтік көмек көрсету де жоспарға сай жүзеге асуда. 2015 жылға осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден 94,0 миллион теңге бөлінді.

Денсаулығына байланысты ем-дом қабылдаған 5 мыңнан астам адамға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Тұтастай алғанда Мемлекет басшысының бүкіл тапсырмалары орындалуда және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны көбеюіне жол бермеуге және тұрғындардың әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге жағдай туғызу басты назарымызда болады.

Асқар САҚЫПКЕРЕЕВ,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp