Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығында 31,3 млрд. теңгенің 32 жобасы жүзеге асырылды. Оның ішінде 2014 жылы 4 млрд. теңгеден астам инвестиция көлемін құрайтын 4 жоба пайдалануға беріліп, 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Сол сияқты тоқтап тұрған 9 кәсіпорын іске қосылды, биыл тағы 14 кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр.
Қазірдің өзінде Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына 27 млрд. теңгенің 39 жобасы енгізілген. Олардың үшеуі биылғы бірінші тоқсанда пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 11 жоба жүзеге асырылады.
Облыста инвестиция тартуға ерекше назар аударылады. Өткен жылы қараша айында Петропавлда өткізілген “Kyzylzharinvest – 2014” халықаралық инвест форумы инвесторлардың біздің өңірге қызығушылығын іс жүзінде көрсетіп берді. Аталмыш шараға 800-ден астам адам қатысты, оның 300-і – шетелдіктер. Форум кезінде 70 млрд. теңгеден асатын 50 құжатқа (меморандумдар, келісімшарттар, келісімдер) қол қойылды.
Өткен жылы Ресейдің, АҚШ-тың, Иранның, БАӘ-нің, КХР-дің, Финляндияның, Украинаның және басқа да елдердің әлеуетті инвесторлары біздің облысқа келіп кетті. Бельгия Корольдігінің, Польшаның, Норвегия Корольдігінің, ГФР-дің, Словакия Республикасы мен Оңтүстік Кореяның елшілері де болды. Олардың бәрі де екіжақты ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, біздің өңірдің инвестициялық мүмкіншіліктерімен танысты. Үстіміздегі жылдың басынан бері қытайлық, ирандық және германдық компаниялардың өкілдері бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы ұсыныс-тілектерін білдірді. Өз кезегінде облыс делегациясы іскерлік сапармен Украинада, Финляндияда, Ресейде, Қытайда және Беларусьте болды.
Мемлекет басшысы “Нұрлы Жол – болшаққа бастар жол” Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Облыста 112,1 мың адам шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді. Біздің елімізде кәсіпкерлікті қолдау бойынша бірегей шаралар қабылдануда. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов сол жайлы Түмен облысында өткен форумда айтып берді. Бүкілресейлік шағын және орта кәсіпкерлік қоғамдық ұйымының төрағасы Александр Калинин біздің мемлекеттің өз кәсіпкерлеріне қандай көмек көрсететіндігін естіп, таңғалды. Сондай шаралардың бірі – “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы. Оның қаржылық операторы – “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры. Біздің облыс жобаларды демеуқаржыландыру және кепілдік алу бойынша республикада үздіктер үштігіне кіреді. 2014 жылы “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыруға 1,2 млрд. теңге жұмсалды. Былтыр облыс әкімдігі жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесінде “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында кәсіпкерлік субъектілерінің 222 өтінімі мақұлданды. Биыл қолдау тапқан жобалардың санын 10%-ға көбейту жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп – жалпы өңірлік өнімді (ЖӨӨ) қалыптастыратын экономиканың басты салаларының бірі, өткен жылы оның ЖӨӨ-дегі үлесі11%-ға артты. Үстіміздегі жылғы төрт айда 51,6 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Облыста дайын металл бұйымдарын шыға ру – 72,8%-ға, құрылыс мақсаты үшін бетон бұйымдарын өндіру 2,4 есе өсті.
Кәсіпорындарды тапсырыспен қамтамасыз ету үшін облыстық әкімдік “ҚТЖ” ҰК”, “ҚМГ” ҰК”, “ҚазЭКСПО”, “Казтелерадио”, “Қазатомпром”, “Волковгеология”, “Қазақмыс”, “Арселормиттал-Теміртау”, “Евразийская группа” сияқты компаниялармен жүйелі жұмыс жүргізуде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.