«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың бастамасымен Петропавл қаласындағы Мәдениет және демалыс саябағында би алаңы ашылды. Әсем әнмен жүректі жаулайтын демалыс орнына келген адам өткен ғасырдың 80-ші жылдарының би ырғағында тербеліп, нақ сол кезеңде шырқалған әндерді тыңдайды. Ұйымдастырушылардың мұндай тамаша ойы бүгінгі таңда көпшіліктің көңілінен шығуда. Өйткені, сол кездерде дәл осы жерде ашық би алаңы болған. Міне, арада қанша уақыт өтсе де, би алаңы ұмыт қалмай, оның қайта жанданғанына облыс орталығының тұрғындары, әсіресе, аға буын өкілдері дән риза.

Жергілікті шығармашылық ұжымдары би алаңының ашылуына орай қала тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынды. Әнші, бишілер алдағы уақытта ретро стилінде жасалған би алаңы петропавлдықтардың сүйікті орнына айналарына сенімді.  

Енді әрбір демалыс күні би алаңында музыкалық кештер өткізіліп тұратын болады.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp