«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИ АРБАСЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

“Нұр Отан” партиясы Петропавл қаласындағы “Арман” балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне спорттық би сабақтарына арналған арба тарту етті.

Бұл орталықтың түлектері пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, арбамен жарысу бойынша Қазақстан чемпионаттарында және халықаралық жарыстарда табысқа қол жеткізген. Бүгінгі тәрбиеленушілер бұл игі дәстүрлерді жалғастыруда. Мысалы, Сандуғаш Молдағалиева мүмкіндігі шектеулі шаңғышылар арасында екі мәрте Қазақстан чемпионы болды.

Жақында “Арман” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері арбадағы спорттық билерді игере бастады. Осы жылдың қазан айында Сандуғаш Молдағалиева серіктесі Темірлан Айкеновпен бірге Алматы қаласында халықаралық турнирге қатысты. Онда қола жүлдегерлер атанды. Чемпионатқа дайындық кезінде Темірлан мен Сандуғаш өз биін әдеттегі арбада дайындады, ол барлық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік бермеді. Енді балаларға кәсіби парабимен айналысуға мүмкіндік туды.

– Балалардың би арбасын сатып алуға көмектесу жөніндегі өтінішін “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне паралимпиадалық ойындардың қатысушысы Евгений Тетюхин мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная жеткізді. Оларға “ПВЗ БН” ЖШС-і демеушілік көрсетті, – деді “Нұр Отан” партиясының “Болашақ” филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Зель.

Орталықтың директоры Татьяна Лузакова өз шәкірттерінің сәтті өнер көрсетуіне үміт білдіріп, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек қолын созған партия өкілдеріне және демеушілерге алғысын білдірді.

Ілияс СӘБДЕНОВ,

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp