Өңір намысын абыроймен қорғаған «Легион» би тобы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Show Time» атты республикалық байқаудан жеңіспен оралды.
Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 90-ға тарта өнер ұжымы қатысты. Бағы мен бабы келіскен өнерпаздармен сайысып, үлкен нәтижеге қол жеткізген Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Легион» би тобының айтулы жеңісі мерейімізді үстем етуде. Аталмыш топтың құрамында өнер көрсетіп жүрген Бекет Құдайбергенов, Сәбит Шәріпов пен Карина Самсонова «Street Dance Show» аталымы бойынша бақтарын сынады.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын алған жерлестеріміз арнайы дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Өз кезегінде өнерпаздарға аудандық ардагерлер кеңесі мен ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Айбек пен Жұлдыз Сәрсенбаевтардың қолдауын ерекше айтып өткен жөн.
Еркебұлан ЕЛУБАЕВ.