«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЗКІЛЕМДЕ – ЖАС БАРЫСТАР

Облысымызда биыл екінші рет қазақ күресінен “Жас барыс” облыстық іріктеу турнирі өтті. Бұл белдесулерде өңіріміздегі барлық аудандар мен Петропавл қаласынан жиылған екі жүзге тарта жас балуан өзара бақ сынасты.

“Жас барыс” турнирі былтыр Қызылжар ауданында алғаш рет жалауын көтерсе, биылғы жылы дода облыс орталығында өткізілді. Дода барысында 14 пен 19 жас аралығындағы балуандар бозкілемге шықты.

1995-2000 жылдар арасында дүниеге келген жасөспірімдер жас ерекешеліктеріне байланысты үш топқа бөлініп 38 бен 90 килограмнан жоғары салмақ дәрежелері арасында күш сынасқан болатын. Турнир қорытындысы бойынша жиырма бір балуанның мерейі үстем болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Енді олар қараша айында Павлодарда өтетін республикалық додада өңіріміздің намысын қорғамақ.

Самат ЕСМАҒИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp