«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЗ КІЛЕМГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ


Бразилияның астанасы – Бразилиада дзюдодан өткен “Гранд Слэм” турнирі өз мәре­сіне жетті. 

Осы жарыста жанкүйерлер әйгі­лі француз балуаны Тедди Ринердің татамиге оралуын тағатсыздана күтті. Лондон мен Рио Олимпиа­дасының жеңімпазы, Бейжің Олим­пиадасының қола жүлдегері, әлемнің 11 және Еуропаның 5 дүркін чемпионы біраз уақыттан бері көрінбей кеткен еді. Ұзақ жылдар бойы әлемдік рейтингте көш бастаған даңқты балуан бұл жолы Бразилияда бой көрсетті. Қарсы кел­гендердің барлығын жеңген Тедди Ринер аса ауыр салмақтың бас жүлдесін олжалады.

Жартылай финалда Франция­ның алыбы биылғы жылғы әлем чемпионы, чехиялық Лукаш Крпалектің өзін қапы қалдырғанын атап өткен жөн.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp