«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЗ КІЛЕМДЕ – БАЛУАНДАР

Сәтпаев қаласында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ел біріншілігі өтті. Бәсекелі сайыста дарынды балаларға мамандандырылған облыстық спорт мектеп-интернатының тәрбиеленушілері жеңіс тұғырына көтерілді.  

66 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен Эли Магамадов жеңістің бірінші сатысына көтерілді. 47 және 73 килограмда бағын сынаған Мұстафа Аймахан мен Станислав Рыльский де өз салмақ дәрежелерінде үздік атанды. Ал қола медальдар 59 килограмда боз кілемге шыққан Дәулет Ізтілеуов пен 42 килограмда сынға түскен Сәбит Мәліковке бұйырды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp