Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығында 2000-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыс біріншілігі өтті. Жарысқа Петропавл қаласы мен 7 ауданның балуандары қатысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша Нұрбек Тілеубай (29 кг., Ғ.Мүсірепов атындағы ауд.), Сұлтан Бірімжан (32 кг., Шал ақын ауд.), Абылай Сахабин (35 кг., Шал ақын ауд.), Даниал Қаби (38 кг., Шал ақын ауд.), Амандық Зейнуллин (42 кг., Айыртау ауд.), Нұрдәулет Нұрымжан (46 кг., Ғ.Мүсірепов атындағы ауд.), Еламан Жағыпаров (50 кг., Шал ақын ауд.), Алдияр Аманжолов (55 кг., Шал ақын ауд.), Әділет Қозыбаев (60 кг., Ғ.Мүсірепов атындағы ауд.), Арман Базаралы (66 кг., Ғ.Мүсірепов атындағы ауд.) және Айдын Қанатұлы (73 кг., Ғ.Мүсірепов атындағы ауд.) жеңімпаз атанып, алтын медальға ие болды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және дипломдармен марапатталды.
(Өз тілшіміз).