«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОКСШЫЛАР САЙЫСЫ

Петропавлда бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Камиль Сафинді еске алуға арналған республикалық турнир басталды.

Жастар арасындағы бұл дәстүрлі сайысқа қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Биылғы турнирге еліміздің 10 өңірінен 90-ға жуық жас боксшы жиналды. Оның жеңімпаздары ел чемпионатына жолдама ала алады. Бескүндік жарыстың қорытындысы желтоқсанның 1-де белгілі болады.   

Бұл жарыс 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Қарашаның 30-ы күні Камиль Сафин ұзақ жылдар жетекшілік еткен бокс мектебінің ауласында былғары қолғап шеберіне ескерткіш ашылмақшы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp