Мен облыс орталығындағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің оқушысымын. Мүгедек балаларға арналған арнайы бағдарлама негізінде үйде білім аламын. Бұл бағдарлама білім алуға мүмкіндігі жоқ көптеген балалардың үмітін сөндірмей, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Еліміздің бізге ұдайы қолдау танытып, сенім артып жатқанына өте қуаныштымын.
Биыл 10-сыныпты үздік деген бағамен тамамдап, 11-сыныпқа көштім. Сабаққа деген қызығушылығым белсенді. Өйткені, білім беруге келген ұстаздар заманауи технологияларды барынша қолданып, сабақтарды қызықты әрі тиімді өткізе біледі. Көптеген сабақтарды сүйіп оқимын, әсіресе, әдебиет сабағына деген қызығушылығым ерекше. Оның ішінде қазақ әдебиетінің алыптары Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің кітаптарын сүйіп оқимын. Сонымен қатар, орыс классиктері Федор Достоевский, Лев Толстой шығармалары жаныма жақын.
Болашақта музыкамен айналысқым келеді. Оның барлық жанры ұнайды. Сонымен қатар, әдемі сөйлегенді жақсы көремін. Әртүрлі тақырыпта шығарма жазғанды ұнатамын. Мұның бәрі, әрине, ұстаздардың еңбегі деп білемін. Өйткені, мектеп ұжымы көмек пен зор қолдау танытады. Осындай ерекше ықыластары үшін еліме, ұстаздар қауымына алғысым шексіз.
Виктория БАБИЧ,
№17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің оқушысы.