«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҒЫ БАР АУЫЛ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов  көктемгі су тасқынына байланысты үш күн Уәлиханов ауданында болды. Қулыкөл ауылында жергілікті тұрғындармен кездесіп,  ақсақалдармен әңгімелескен Құмар Іргебайұлы өзінің Фейсбуктегі парақшасында шалғайдағы елді мекеннің тыныс-тіршілігімен жақын танысқаны туралы жазып,  мұндағы қайнаған өмірге ризашылық білдірді.

«Тұрғындардың барлығы дерлік мал шаруашылығымен айналысады, әр аулада кем дегенде 15-20 ірі қара мал бар. Малды мотоциклмен бағады.  Қазір ауылда 800 тұрғын бар. Соңғы жылдары халық саны азайған емес. Керісінше, жастар өз ауылына қайтып келуде. Бос тұрған үйлер жоқтың қасы. Ауылда балалар көп. Былтыр 1-ші сыныпқа 20 бала барыпты. Барлығы Қулыкөл мектебінде 200 оқушы бар. Ауыл мектебі үшін өте жақсы көрсеткіш.

Қулыкөлде патриот азаматтар да баршылық. Жеке кәсіпкер Саян Мүбаракпен таныстым. Саян өзінің туған жеріне жаны ашитын азамат екен. Былтыр ол тұрғындарға спорт кешенін салып берді. Осындай бизнесмендерге алғыс айтамын. Кәсібін дөңгелетіп, халықты да ұмытпайды. Саян Мүбарактың жақсылығы көпке үлгі»,- деп жазды облыс әкімі Фейсбукте.

 

https://www.facebook.com/qumaraksaqalov

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp