«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Болашаққа ұмтылған Қазақстан”

Барша қазақстандықтар үшін айрықша мереке – Тәуелсіздікке ширек ғасыр толуына орай ұйымдастырылған “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты жұлдызды 25 күн аясында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өткізілуде. Кеше Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының мамандары, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жиналды.

 

– Биыл – еліміз үшін, барша қазақстандықтар үшін ерекше жыл. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміз үшін атқарған еңбегі ерен. Тарих үшін жиырма бес жыл өте қысқа мерзім. Ал Қазақстан үшін бұл ширек ғасыр толайым табыстарға толы болды деп ойлаймын. Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына белсене қатысып, сүбелі үлес қосқаны үшін ардагерлер қауымына ерекше ризашылығымды білдіремін, – деді қалалық мәслихаттың хатшысы Арман Бердағұлов.

Жиын барысында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, тәуелсіздіктің құрдасы Әсемгүл Темірханова барша жастардың атынан Елбасымызға алғысын білдіріп, егемендігіміздің баянды болуын тіледі.

Кездесуде тарихи-мәдени құндылықтарды сақтап, насихаттауда көзге түскен бірқатар азаматтар “Нұр Отан” партиясы мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp