«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР СЕМИНАРЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсететін заңгерлер даярлау мақсатында семинар өтіп, оған белгілі британдық заңгер Джонатан Купер бейнебайланыс арқылы қатысты. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы Екатерина Старостинаның айтуынша, “Адал көмек” акциясының аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсететін жас заңгерлер тобы құрылған. Осылайша, заңгер мамандығын таңдаған студенттер менторлардың көмегімен құқықтық қызметтің қыр-сырын меңгеріп, тәжірибе жинауға мүмкіндік алады. 
Білікті маман даярлау үшін теориялық білім жеткіліксіз. Сондықтан Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері Петропавл қаласындағы тәжірибелі заңгерлердің дәрісіне, облыс орталығындағы кітапханаларда ұйымдастырылатын “дөңгелек үстелдер” мен семинарларға қатысуда. 
Семинар барысында болашақ заңгерлер мамандарға қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. 
 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp