«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Облыстық полиция департаментінде колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырылып, полиция қызметінің ерекшеліктері туралы әңгіме қозғалды. Болашақ заңгерлер, экономистер, автомеханиктер мен жол қозғалысын ұйымдастыру мамандары, барлығы 70 студент облыстық полиция департаменті бастығының кадр саясаты мәселелерімен айналысатыні орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевпен кездесіп, тәртіп сақшыларының жұмысының қыр-сырына қанықты. 

Ол ішкі істер органдарында жұмыс істеуге ниет білдіргендердің барлығына департамент есігі әрдайым ашық екенін айтып, жас өрендердің жүрегіне үміт отын жақты. Қызметке орналасу үшін қойылатын талаптарға, офицер болу үшін жоғары білім қажет екеніне тоқталды. Биыл патрульдік полицияның барлық сержанттары офицер лауазымына ауыстырылғанын айта кеткен жөн.
Полицейлердің шығармашылық және спорттық саладағы тыныс-тіршілігі туралы әңгіме тыңдаушылардың қызығушылығын туғызды. Футбол, күрес, жеңіл атлетика, қоян-қолтық ұрыс, волейболдан өтетін жарыстар шымыр да үздік полицейлерді анықтауға мүмкіндік береді. Кездесу соңында Қапез Дәулетбаев әлеуметтік желіде өзінің ресми парақшасы бар екенін, оған ішкі істер органдарына қызметке орналасу мәселелері бойынша жүгінуге болатынын жеткізді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp