“Қазгидромет” РМК мәліметі бойынша бүгін Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге дейін жетіп, борандатуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті тұрғындардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді.