“Қазгидромет” РМК мәліметі бойынша 22 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетіп, борандатуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті тұрғындардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді.