“Қазгидромет” РМК мәліметі бойынша алдағы үш тәулік бойы Қазақстандағы ауа райына Орал және Батыс Сібір арқылы жылжып келе жатқан циклондар мен атмосфералық фронттар әсер етіп, облыс аумағында соғатын желдің жылдамдығы секундына15-20 метрге дейін жетіп, борандатуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары тұрғындардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді.