Тәртіп сақшылары өткізген үш айлық жедел-алдын алу шарасы барысында қару сақтау ережелерін бұзудың жүзден астам фактісі тіркелді. Полицейлер есепте тұрған тұлғалар мен қару иелерін тексеріп, 200 мыңнан астам пәтер мен үйді аралап шықты. Бүгінгі күні облысымызда ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтар саны алты мыңнан асады. Олардың 459-ы – шартты түрде мерзімінен бұрын босағандар. Барлығы да тұрғылықты мекенжайлары бойынша бірнеше рет тексеріліп, сотпен белгіленген шектеулерді орындамаған, сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған алты адам бас бостандығынан айыру орындарына қайта тоғытылды.
Өңіріміз бойынша 8 мыңнан астам қару иелері тіркеуде тұр. Жедел-алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері олардың қару мен патрондарды сақтау ережелерін қаншалықты сақтайтындықтарын тексерді. Нәтижесінде 23 адамға қару сақтайтын сейфтерге немесе үй-жайларына дабыл жүйесін орнатпағаны үшін айыппұл салынды.
Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.