«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОТАНИКАЛЫҚ БАҚҚА БАРДЫ

Жедел-құтқару жасағы қызметкерлері сапалы, жедел әрі нәтижелі жұмыс істеуі үшін олардың көңіл-күйі жақсы болғаны керек және психологиялық-эмоциялық жағдайының тұрақтылығы маңызды. Бұл жолы ұжым бос уақыттарын ботаникалық бақта өткізуге бел буды. Мұндай іс-шаралар күнделікті бірқалыпты қызметті жандандыруға және жағымды эмоцияларға бөленуге мүмкіндік береді. Сондықтан жеке құрам саяхатқа шығуға қуана келісті. Құтқарушылар бір-бірімен бейресми жағдайда әңгімелесіп, жұмыстан тыс уақыттағы қарым-қатынастың құндылығын ұғына түсті.

Бүгінде Петропавл ботаникалық бағында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған бір мыңнан астам сирек кездесетін өсімдіктер бар. Әріптестер экскурсия жетекшісінің әр өсімдік туралы әңгімесін ықыласпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Қысқы баққа барған қызметкерлер өздері құтқарған аққулардың жағдайымен танысуды да естен шығармады. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері күрең күзде жылы жаққа ұшып кете алмай, су айдындарында мұз қатқан шақта қалып қойған құстарға көмекке келіп, оларды ажалдан құтқарған. Аққулар қыстың суығынан қорғайтын ботаникалық баққа орналастырылған еді.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp