«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОУЛИНГ САЙЫСЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Петропавл қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға мамандандырылған №1 коррекциялық мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінен жасақталған құрама команда Алматы қаласында мектеп оқушылары арасында боулингтан өткен республикалық турнирден олжалы оралды. “Спешиал Олимпикс” АҚ-ның мұрындық болуымен ұйымдастырылған бәсекелі сайысқа еліміздің әр өңірінен құрама командалар қатысқан болатын.

Шынын айту керек, бұған дейін боулинг ойнап көрмеген балалар, ең алдымен, Петропавлдағы №1 боулинг мәдени ойын-сауық орталығында жаттығып, аталмыш спорт түрінің ерекшеліктерімен танысты. Осы орайда балаларға жағдай жасап, аз уақыттың ішінде жаттықтырып үлгерген ойын-сауық кешенінің басшылығы мен ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Тартысты өткен сайыстың қорытындысына келер болсақ, солтүстікқазақстандық құрама команда бірінші дивизионда жарыс жеңімпазы Алматы құрамасынан кейін жалпыкомандалық екінші орынға ие болды.

Турнирдің салтанатты жабылу рәсімінде барлық жеңімпаздар дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Орынбай СӘКЕНҰЛЫ,

№1 коррекциялық мектеп-интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp