«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БРАКОНЬЕР” АЯҚТАЛДЫ

«Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыстық және аудандық табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері мен «Соколов» аңшылық шаруашылығының аға қорықшысы шаруашылық аумағын тексерді. Олар Желяково ауылы маңында көзге түскен іздің бойымен жүре отырып, қарда жүретін техниканы тізгіндеген екі адамды байқайды. Жақын маңда аң аулау жабдықтары мен олжалаған екі сібір елігі жатыр екен. Аңшылар ағашта асулы тұрған елікті мүшелеуге кірісіпті.

 Қылмыс орнынан екі еліктің еті, есепке қойылмаған, тіркемелі «Yamaha» қарда жүргіш көлігі, тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы «ИЖ» мылтығы, аңшы пышағы, сондай-ақ оқ-дәрі тәркіленді. Күдікті – Петропавл қаласының 35 жасар тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер күдіктінің жанындағы туысының қылмысқа қатыстылығын тексеруде.
11 қаңтардан бастап заңсыз аң аулау үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Айыппұл мөлшері 160-тан 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өсті. 40 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылды.
6 қаңтарда басталған «Браконьер» іс-шарасы 5 ақпанда аяқталды. Оның барысында тәртіп сақшылары 267 әкімшілік құқық бұзушылық және 4 қылмыс орын алғанын анықтады.      

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp