«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БУЛЛИНГТІ ЕЛЕМЕУГЕ БОЛМАЙДЫ

«Telegram» мессенджеріндегі арналардың бірінде оқушылардың атына кір келтіретін мәліметтердің пайда болуына байланысты Петропавл қаласының мектептерінде жоспардан тыс ата-аналар жиналысы өткізілуде. Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін полиция ұстаздармен бірлесіп, ата-аналарға балаларды қорқытудан және басқа да интернет-қауіптерден қалай қорғауға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп жатыр.

Полицейлер кибербуллингті неге елемеуге болмайтынын, жеке деректер мен әдепсіз мазмұндағы контентті таратудың салдары және құқық бұзушылар үшін қандай жауапкершілік шаралары көзделгенін айтады. Ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарға қатысты статистика жайлы айтылады, олардың алдын алу бойынша нақты ұсынымдар беріледі. Сондай-ақ кездесулер барысында жасөспірімдердің синтетикалық есірткіні қолдануының қауіптері мен суицидтің алдын алу шаралары талқыланады. Петропавл қаласында барлығы отыздан астам мектеп бар, олардың әрқайсысында полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp