«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЫЛТЫР БҰЙЫРҒАНЫ – 519 МЕДАЛЬ

Өткен жылы солтүстікқазақстандық спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда жалпы 519 медальға ие болды. Оның 281-і олимпиадалық спорт түрлеріне жатады. Бұл туралы облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Дарья Тушина хабарлады.

Егер 2013 жылы спорттың түр-түрінен ел құрамасының қатарында 295 солтүстікқазақстандық спортшы бәсекелі додаларда өңір және ел намысын қорғаса, үстіміздегі жылы олардың саны 353-ке жеткен. Сондай-ақ, өткен жылы облыс бапкерлері мен жаттықтырушылары халықаралық дәрежедегі 8 спорт шеберін, 32 спорт шеберін, 150 спорт шеберіне үміткерді және бірінші дәрежедегі 167 спортшыны дайындаған.

“Жерлес спортшылар Жылқы жылы 12 әлем біріншілігіне, 1 Еуропа, 10 Азия біріншілігіне, 179 ел біріншілігіне, 40 халықаралық жарысқа, бірінші Азиялық және Паразиялық ойындарға, жасөспірімдер арасындағы екінші Олимпиада ойындарына қатысты. Олардың барлығында дерлік қызылжарлық спортшылар жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан табылып, марапатқа ие болды. Сонымен қатар, өңір спортшылары 66-дан астам спорттық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, біліктіліктерін шыңдады”, – деді облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Дарья Тушина.

Атап өту керек, халықаралық және республикалық сындарда жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаздар қатарынан табыла білген 64 жерлес спортшы – облыс әкімі шәкіртақысының иегерлері.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp