«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысқан отырыста әр жылдары қабылданған шешімдерге бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант халық қалаулыларының назарына мәслихаттың “Солтүстік Қазақстан облысының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын ұсынды. Белгілі болғандай, облыс орталығының “Жас өркен” шағынауданында салынып жатқан 500 орындық қазақ театрының құрылысына бөлінген қаржы көлемі 900 млн. теңгеге азайтылмақ. “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағын құру мақсатында “Береке” шағынауданы мен Парковая көшесінде орналасқан бос ғимараттарды сатып алу үшін “Солтүстік” ӘКК” акционерлік қоғамының жарғылық капиталын 700 млн. теңгеге көбейту, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына өңірлік азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін 10 млн. теңге бағыттау ұсынылды. Халық қалаулылары бұл ұсыныстарды бірауыздан мақұлдады. Отырыс барысында жерлеу және қабірлерді қарап-күтуді ұйымдастыру, өңіріміздегі қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары да бекітілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp