Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен өткен алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті отыз тоғызыншы сессиясында сегіз мәселе қаралды.
Алдымен облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант депутаттардың назарына өңіріміздің 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің жобасын ұсынды. Қаржыландырудың негізгі көздеріне тоқталған баяндамашы бюджеттің әлеуметтік салаға бағытталғанына баса назар аударды. Бюджет жобасында аграрлық сектор мен индустрияландыруды дамытып, көлік инфрақұрылымын жетілдіруге де басымдық берілген.
Сессияда сөз алған облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Есжан Оразалин, “Зооветснаб” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Владимир Притчин бюджеттің жобасы осыған дейін тұрақты комиссия мен қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралғанын айтты. Бюджет жобасы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті жайттар ескеріле отырып әзірленгеніне көз жеткізген депутаттар оны бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Зураш АХМЕТОВА,
облыстық мәслихаттың
баспасөз хатшысы.