«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЮДЖЕТ ҚАЙТА БЕКІТІЛДІ

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтіп, күн тәртібінде бес мәселе қаралды.

Елімізде жаңа Бюджет кодексінің қабылдануына байланысты өңірдің 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті қайта бекітілді. Бұл жайында облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндама жасады.

Сондай-ақ мәслихаттың әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы шешіміне өзгерістер енгізілді. Облыс бойынша тексеру комиссиясының қызметін бағалауға жоспарлы түрде келісім беру ұсынысымен осы ведомствоның төрағасы Қайрат Сейітқожаев сөз сөйледі.

Сондай-ақ мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау және облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp