«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗДІҢ БЕЛЬГЕР

Соғыс кезі, тап болған соң
                                        дауылға,
Ауып келген бір үй біздің ауылға.
Не көрсе де, бірге көрді елменен,
Бірге көніп, бірдей төзіп ауырға.
Ұзынтұра, үлкен неміс, әбігер,
Он ауылға жалғыз ғана дәрігер.
Жұрттың оған үйренгені
соншалық,  

Бельгер деуші еді дәрігердің
бәрін ел.
Есім көрші, Бекім көрші өбектеп,
Айран-сүтін берді көптеп,
көмектеп.
Біздің жақтың кісілері, әйтеуір
Бельгер үйін көрген емес
бөлектеп.
Сол кісінің Гера деген баласы,
Үлкендерге үйірсегін қарашы!
Өңі жирен, өзі жиен секілді,
Ешкім оған болмаса да нағашы.
Омар – Қоспан. Құдай қосқан
екі жан,
Екеуінің жалғыз ұлы Ібіжан.
Ібіжанның досы болған Гераның
Қазақ бола бастауы да осыдан.
Әркімнің де итшанасы бар үйде,
Шаңғы біте бермейтұғын әр үйге.
Елден бұрын дөңге шыққан
екі дос,
Өзгелерге жеткізбейтін, әрине.
Көбік қарда көсілдіріп шаңғымен,
Шоқ қайыңды шыр айналмақ
алдымен.
Сырбелге, Саздыағашқа тартады
Бірін-бірі қуалаған қалпымен.
Тасөткелге, Тереңсайға барыпты,
Күнұзаққа сансыз шимай
салыпты.
Сары аязды сезбей қалған
Гераның
Тобық майын тоңазытып алыпты.
Содан екен сырғанаққа келмеуі,
Ібіжанға, Темешке де ермеуі.
Үйден қыстай шығармады Гераны
Әкесінің күндіз-түні емдеуі.
Көпке дейін көшені бұл сағынып,
Кітап оқып отыратын сарылып.
Жастайынан бойға біткен
жақсы әдет,
Көп оқудан көрген емес жалығып.

Жарасбай НҰРҚАН.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp