«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Білекті арулар

Жерлестеріміз Виктория мен Антонина Фроловалар – Азия чемпиондары. Спортшы аруларымыз 2015 жылдың наурыз айында Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық додада спорттың армрестлинг түрі бойынша үздік нәтиже көрсеткен болатын. Апалы-сіңлілі Фроловалар Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ставрополь ауылында туып, мектепті аяқтаған соң Петропавл темір жол колледжінде оқыған. Жастай спортқа құмартып, жаттықтырушылары Павел Гриценко мен Олег Чегодаевтың қамқорлығының нәтижесінде өзге елдерде республика атын шығара бастады.

Үш дүркін Азия чемпионы Виктория – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әйелдер арасындағы баскетбол, стритбол, диск, ядро лақтыру бойынша облыстық жарыстардың жеңімпазы, ал Антонина – армрестлингтен спорт шебері.

Гүлбаршын САТЫБАЛДИНА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp