«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛЕ ТҰРА ЖАЛҒАНДЫҚҚА БАРҒАН

Қызмет өкiлеттілігін терiс пайдаланды және қызметтiк жалғандық жасады деген айып тағылған Ақжар ауданындағы Ленинград ауылдық округінің әкімі Хасен Ахметовке қатысты қылмыстық іс аяқталды.

Лауазымды тұлға өткен жылдың 28 маусымында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты бұзып, Ленинградское ауылындағы ішкі жолдарды шұңқырлы жөндеу бойынша жұмыстардың жасалмағанын біле тұра жалған жұмыс актісіне қол қойған. Соның негізінде жеке кәсіпкердің есеп шотына 1,6 миллион теңгенің бюджет қаражаты аударылған.

Әкім Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-бөлімі (қызмет өкiлеттілігін терiс пайдалану) және 314-бабының 2-бөлімі (қызметтiк жалғандық жасау) бойынша айыпты деп танылды.  

СҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp