«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІКТІ МАМАН, ҮЛГІЛІ ҰСТАЗ

 

 

Облыс орталығындағы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжiнің өндірістік оқыту шебері Орал Төлебаевтың есімі әріптестері арасында құрметпен аталады.

Өмірін құрылыс саласына арнаған маманды қай қырынан алып қарасақ та үлкен мен кішіге үлгілі, өнегелі. Бұл сөзімізді растап, құрылысшының қажырлы еңбегіне тәнті болатын жерлестерінің де қатары қалың. Осы ретте, 25 жылдық еңбек өтілі бар кәсіби маман “Еңбек – әлемнің әміршісі” деген Елбасының салмақты сөзін басшылыққа алған.

– Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мәртебелі мамандық. Себебі, әлемнің қай жеріне жолыңыз түссе де, құрылыс жұмыстарының бір сәтке де бәсеңдемейтіні, зәулім ғимараттардың бой көтеріп, адамзат игілігіне айналып жатқаны толықтай дәлел бола алады. Міне, осындай жауапкершілігі зор мамандықты меңгеріп, кәсіби тәжірибемді кейінгі буынға үйретуден жалықпаймын, – дейді ол.

Халыққа қалтқысыз қызмет етуді мұрат еткен құрыш қол құрылысшы 1986 жылы №3 кәсіптік-техникалық училищесін “Құрылысшы техник” мамандығы бойынша тамамдағаннан кейін өңіріміздегі маңызды құрылыс алаңдарында табысты еңбек етті. Қол жеткенге тоқмейілсуді білмейтін Орал Төлебаев М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да сырттай оқып, құрылыс инженері атанды. Бүгінде өндірістік оқыту шебері ПҚЭК-тің студенттерін өз мамандығының қыр-сырына баулуда.

Мамандық таңдауда қателеспеген азамат бұрнағы күні студенттерімен бірге Петропавл қаласында құрылысшы мамандығын таңдаған студент жастар арасында өткен кәсіби шеберлік сайысына қатысып, үшінші орынға ие болды. Екі күндік сайыс барысында жұмысты әрі жылдам, әрі сапалы атқара алатындарын дәлелдей білген студенттер ұстазының сенімінен шықты.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp