Петропавл қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “СҚО Жастар мәслихаты” ЖҚБ мектеп оқушылары арасында “Ұлы дала ұрпақтары” зияткерліквикторинасын ұйымдастырды.
Жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың бойында адамгершілік және рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында өткен шараға қатысқан өрендер Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы және Қазақстан тарихы бойынша сұрақтарға жауап берді. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің командасы жақсы білімдерімен көзге түсіп, бірінші орынды иеленді. 2-інші орын Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейдің оқушыларына бұйырды.