«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ ТӘРТІБІ

Биылдан бастап білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Гранттар  білім беру бағдарламаларының топтары бойынша   бөлінеді. Барлығы 97 білім беру бағдарламаларының тобы бар. Гранттан үміткерлердің білім беру бағдарламаларының төрт бірдей тобын таңдау мүмкіндігі болады. Мысалы, «Биология» + «Химия» бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырғандар  1)«Химия мұғалімдерін даярлау»; 2) «Биологиялық және сабақтас ғылымдар»; 3) «Ветеринария»; 4) «Жалпы медицина» сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдай алады.  

Ал жоғары оқу орнына қабылдау кезінде грант иегері  нақты білім беру бағдарламасын таңдайды. Мысалы, «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобынан грант иегері «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай алады.  

Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған (https://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/index.php).

  www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp