«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Мемлекеттік мекемелер білім беру саласындағы қызметтердің 96,6 пайызын көрсетеді. Оның ішінде негізгі қызмет түрінің көлемі – 96,3, ал қосалқы қызмет 92,8 пайызды құрайды.

Былтыр білім беру саласындағы қызметтерді Солтүстік Қазақстан облысында 767 ұйым көрсетті. Білім беретін ұйымдардың орындаған негізгі қызмет көлемі 50492,3 млн. теңгені құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда, білім беру қызмет көлемінің 23,8 пайызға ұлғайғанын көрсетеді. Білім беретін ұйымдардың орындаған қосалқы қызмет көлемі 166,3 млн. теңгені құрап, 33,6 пайызға артты.

Аталмыш салада негізгі қызмет түріне ақы төлеу көзі бұрынғыдай бюджет қаражаты есебінен жүзеге асады. Ол жалпы қызмет көлемінің 93,9 пайызына тең. Тұрғындар қаражаты есебінен төленген қызмет үлесі 5,7 пайызды құрады. Оның 0,4 пайызы кәсіпорындар қаражатынан өтеледі. Қосалқы қызмет түріне ақы төлеудің негізгі көзі халықтан түскен қаражат болып табылады. Оның пайыздық үлесі 68,5-ке тең. Бюджет қаражатына – 17,5, кәсіпорындар қаражатына 14 пайыздан келеді.

Ең үлкен үлес салмаққа негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер ие, олардың көлемі 25876,9 млн. теңгені немесе қызметтердің жалпы көлемінің 51,2 пайызын құрайды. Бастауыш білім беру қызметтері – жалпы көлемнің 13,4 пайызына, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру – 12,6, кәсіптік-техникалық және орта білім беру – 9,8, өзге де қызметтер 13 пайызға тең.

Қосалқы қызметтер бойынша ең үлкен үлес салмақты жатақханаларда тұруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер алады, олардың көлемі – 58,7 млн. теңгені немесе жалпы көлемнің 35,3 пайызын құрады. Ауыл шаруашылығы, аңшылық өнімдері және осымен байланысты қызметтер – 11,6 пайыз, жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтер – 9,9, спорттық және демалыс қызметін ұйымдастыру 7,3 пайызға жеткен.

Саида АБДУХАИМОВА,

облыстық статистика департаментінің

бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp